Наурыз мейрамы құтты болсын/ С праздником Наурыз
Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар! Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, бірлік пен берекенің, мейірім мен ізгіліктің символы. Бұл күн – табиғаттың ғана емес, адамның да рухани жаңарып, жаңа үміт пен жарқын бастамаларға қадам басатын кезеңі. Әр шаңыраққа амандық, молшылық, құт-береке тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Жаңа жыл әрқайсымызға қуаныш, табыс және жарқын жетістіктер