Алматы қаласы Білім басқармасының
«№132 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 373-11-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-10-53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жұмысшы мамандықтары жылы/Год рабочих профессий
04
сәуір
2025

Жұмысшы мамандықтары жылы/Год рабочих профессий

Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы кәсіби бағдар беру іс-шарасы: Hyundai автокөлік зауытына экскурсия (9–10 сыныптар үшін)
Жұмысшы мамандықтары жылын жүзеге асыру аясында 9–10 сынып оқушылары кәсіби бағдар беру іс-шарасына – еліміздегі ірі өндіріс орындарының бірі болып табылатын Hyundai автокөлік зауытына экскурсияға қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың заманауи жұмысшы мамандықтары туралы түсініктерін кеңейту, өндірістік кәсіптерге қызығушылығын арттыру және техникалық бағыттарға бейімділікті қалыптастыру.
Экскурсия барысында оқушылар автокөлік өндірісінің толық циклімен танысты: кузов бөлшектерін штамптаудан бастап дайын автокөлікті жинауға дейін. Ерекше назар станок операторлары, дәнекерлеушілер, автослесарьлар, сапа инженерлері және басқа да мамандардың жұмысына аударылды. Кәсіпорын қызметкерлері өндірістегі заманауи технологиялар, автоматтандыру жүйелері, сондай-ақ бұл мамандықтар үшін қажетті білім мен дағдылар туралы айтып берді.
Оқушылар белсенділік танытып, көптеген сұрақтар қойып, болашақ кәсіби қызметтің түрлі бағыттары туралы нақты түсінік алды. Мұндай іс-шаралар мамандықты саналы түрде таңдауға, жұмысшы мамандықтарына құрметпен қарауға және колледждер мен техникалық оқу орындарында білім алуға ынталандырады.
Hyundai зауытына жасалған экскурсия кәсіби бағдар жұмысының маңызды бөлігіне айналып, оқушыларға өндіріс және машина жасау саласындағы болашақ мүмкіндіктерді көруге мүмкіндік берді.


Профориентационное мероприятие для учащихся 9–10 классов в рамках Года рабочих профессий: экскурсия на автомобильный завод Hyundai.
В рамках реализации программы Года рабочих профессий учащиеся 9–10 классов приняли участие в профориентационном мероприятии — экскурсии на один из крупнейших автомобильных заводов в стране, специализирующийся на производстве автомобилей марки Hyundai.
Мероприятие было направлено на расширение представлений школьников о современных рабочих профессиях, востребованных на промышленных предприятиях, а также на формирование интереса к техническим специальностям.
Во время экскурсии ребята ознакомились с полным циклом производства автомобилей: от штамповки кузовных деталей до сборки готовых машин. Особое внимание было уделено роли операторов станков с ЧПУ, сварщиков, автомехаников, инженеров по качеству и других специалистов. Сотрудники предприятия рассказали о современных технологиях производства, системах автоматизации, а также о том, какие навыки и образование необходимы для работы на заводе.
Учащиеся задали множество вопросов, проявили активный интерес и получили наглядное представление о возможных направлениях для будущей профессиональной деятельности. Такие мероприятия способствуют осознанному выбору профессии, формируют уважение к рабочим специальностям и мотивируют к обучению в колледжах и техникумах.
Экскурсия на завод Hyundai стала важным шагом в профориентационной работе и помогла школьникам увидеть перспективы развития в сфере промышленного производства и машиностроения.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: