«Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов по проверкам за системой образования» » КГУ "Гимназия №132"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№132 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 373-11-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-10-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов по проверкам за системой образования»
05
қыркүйек
2019

«Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов по проверкам за системой образования»

Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесі туралы


         Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабының                              4-тармағымен азаматтардың сапалы білім алу құқығы бекітілген. Осыған орай, мемлекет жалпыға міндетті білім беру стандарттарын белгіледі. Кез келген білім беру мекемесінің қызметі аталған стандарттарға сәйкес келуі қажет.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Министрлік меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады.

Заңның 59-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың негізгі түрлері:

1) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;

2) білім туралы заңнаманың және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау болып табылады. 

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.

Мемлекеттік аттестаттау рәсімі өз қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу үшін білім беру ұйымының бастамашыл өтінішінің негізінде бақылаудың өзге нысанында жүзеге асырылады.

Білім беру жүйесіндегі тексеру – міндеттері жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасының  төмендеу тәуекелінің туындауына жол бермеу болып табылатын мемлекеттік бақылау шарасы. Тексеру екі түрде іске асырылады: ішінара және жоспардан тыс тексеру.

Ішінара тексеру есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тағайындалады.

Ішінара тексеру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығы негізінде жүргізіледі. 

Білім беру ұйымдарын тексеруді жоспарлау және жүргізу рәсімі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен реттелген. Білім беру қызметінің нәтижесіне сәйкес білім беру ұйымдарына қатысты тексеру шаралары тағайындалады.

Ішінара тексеруді жүргізудің негіздемесі болып тәуекел дәрежесін бағалауға сәйкес білім беру ұйымдарын іріктеу нәтижесі бойынша жасақталған білім беру ұйымдарының тізімі табылады.

Тәуекел дәрежесін бағалаудың нәтижесіне сәйкес тексерілетін субъектілер екі топқа бөлінеді: жоғары тәуекел дәрежесіне ие, жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандар.

Білім беру саласындағы тәуекел – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіретін, ұсынылатын білім беру қызметі сапасының төмендеу ықтималдығы.

Іріктеу кезінде білім алушылардың контингенті, кадрлық құрам, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру процесін ұйымдастыру жағдайы бойынша сандық және сапалы көрсеткіштер, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметін іске асыруы, дәлелін тапқан арыздар мен өтініштердің болуы мен олардың саны, алдында жүргізілген мемлекеттік бақылау шараларының нәтижесі мен БАҚ-тың мәліметтері есепке алынады.

1. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады:
       1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
       2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.

2. Ішінара тексеру жүргізу мерзімділігі субъективті өлшемшарттары бойынша 

алынатын мәліметтерді талдау және бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен жиі болмауы тиіс.

3. Жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жарты жылға қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
        4. Білім беру қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін Өлшемшарттарда пайданалатын бағалау кезені – бір жылда бір рет. 
       5. Ішінара тексерулер тізімі мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітіліп, тиісті есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі бойынша уәкілетті органға жіберіледі.

6. Ішінара тексерулердің тізімдері: 
       1) субъективті өлшемшарттары бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын;
       2) мемлекеттік органның тексерулерді жүзеге асыратын лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелері ескере отырып жасалады.

Ішінара тексеруді жүргізудің міндетті шарты тексерілетін субъектіні тексеру жүргізудің мәні мен мерзімдерін көрсете отырып, тексерудің басталуынан күнтізбелік отыз күн бұрын бақылау шарасын жүргізудің басталауы туралы жазбаша түрде хабарлама беру болып табылады.

Білім беру саласындағы және рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнама талаптарын бұзғаны, уәкілетті органның лауазымды адамдары тарапынан заңның талаптарын сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада білім беру қызметін жүргізуге лицензияның қолданылуын белгілі бір мерзімге тоқтата тұрып әкімшілік айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Білім беру ұйымдары лицензияның қолданылуы тоқтатылған мерзімі өткенге дейін уәкілетті органға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы тиісті ақпаратты ұсынуға құқығы бар.

Жоспардан тыс тексеру нақты тексерілетін субъектіге қатысты тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен жағдайлар бойынша жүргізіледі

Жоспардан тыс тексерулер иесі бүркемеленген өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi. 






















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: