20
шілде
2021
На 2021-2022 учебный год государственный образовательный заказ сформирован по 10 направлениям на 97 тысяч мест
2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 10 бағыт бойынша 97 мың орынға қалыптастырылған Бүгінгі таңда елімізде 795 колледж жұмыс істейді. Оның 454-і мемлекеттік оқу орындары. Гранттарды 435 мемлекеттік колледж және 170 жеке меншік колледж алады. 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 10 бағыт және 200-ден астам сұранысқа ие мамандықтар бойынша 97 мың орынға қалыптастырылған. «Биыл квоталық санаттар тізімі кеңейтілді, енді квоталар 9 санат бойынша қарастырылады. Көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін 5%, мәртебесі кемінде үш жыл толық емес отбасылар қатарындағы балаларға 1%, бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан талапкерлер мен бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін 1% квота қосылды. Балдар тең болған жағдайда квоталық санат және аттестаттың орташа балы ескеріледі», – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.Сонымен қатар биыл алғаш рет барлық түлектерге білім басқармаларының ақпараттық жүйелері арқылы кәсіби диагностикадан өту мүмкіндігі беріледі. Диагностика түлектерге мамандық таңдауда көмектесуге арналған және ұсынымдық сипатқа ие.
На 2021-2022 учебный год государственный образовательный заказ сформирован по 10 направлениям на 97 тысяч местНа сегодняшний день в стране функционируют 795 колледжей, из которых 454 – государственные. Гранты получат 435 государственных колледжей и 170 частных колледжей. На 2021-2022 учебный год государственный образовательный заказ сформирован по 10 направлениям и более чем 200 наиболее востребованным специальностям на 97 тысяч мест.«В этом году перечень квотных категорий расширен, теперь квоты предусмотрены по 9 категориям. Добавлено 5% квоты для детей из многодетных семей, 1% – для детей из числа неполных семей, имеющих данный статус не менее трех лет, 1% – для детей из семей, воспитывающих детей-инвалидов с детства, инвалидов первой и второй групп. При равенстве баллов будет учитываться квотная категория и средний балл аттестата», – отметила Насымжан Оспанова.Кроме того, в этом году впервые всем выпускникам предоставят возможность пройти профессиональную диагностику через информационные системы управлений образования. Диагностика предназначена для оказания помощи выпускникам при выборе профессии и носит рекомендательный характер.