» » № 132 гимназияда өткен ғылыми - практикалық фестиваль

 
 
 

№ 132 гимназияда өткен ғылыми - практикалық фестиваль

Автор: admin2 от 31-03-2017, 10:25, посмотрело: 168

0

№ 132 гимназияда өткен ғылыми - практикалық фестиваль

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты – өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, оған жетудің бірден бір жолы әлемдік білім беру кеңістігінен орын алу болып табылады.

Сондықтан да қазіргі заман талабына сай мектептің өзекті мәселелерінің бірі –өскелең ұрпаққа үш тілді қатар меңгерту болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиісті. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген.

Осы тұрғыда Елбасының халыққа жолдауында белгіленген сол міндеттерді жүзеге асыру мақсатында №132 гимназиясы басшылығы мен ұстаздар қауымының үлесі орасан зор.

Қаңтардың отызы мен ақпанның төрті аралығында гимназияда ғылыми оқу бөлімінің меңгерушісі Протащик Светлана Владимировнаның басқаруымен ғылыми-педагогикалық апталық кезінде 2 күндік фестиваль өтті. Ол сөз кезегінде 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда екі пәнді ағылшын тілінде өткізуге мүмкіндік жасалып жатыр. Соған байланысты біздің гимназия мұғалімдері Таженова Айгул Балгорашевна, Жуматов Марат СәрсенбаевичГузенко Ольга Георгиевна арнайы курстан өтіп, сабақтарын үш тілде өткізіп жатқандығын айтты.

Фестивальдің ашылуын салтанатты түрде мемлекеттік тілде қазақ тілі және әдебиеті пәндері ұстаздары өткізді.

Әрі қарай орыс, ағылшын тілдері ұстаздары өздері дайындаған қызықты да тартымды көріністерімен мерекені жалғастырды.

Физика пәнінің мұғалімі Таженова Айгул Балгарошовна «Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат – жан-жақты, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, еліміздің өркендей беруіне өз үлесін қоса алатын, патриоттық сезімі оянған жеке тұлғаны қалыптастыру» дей келе, өзінің сабақтарынан интерактивті тақта арқылы көріністер көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Полтушева Гульнара Якубовна, биология пәнінің мұғалімі Жуматов Марат Сарсенбаевич, ҚасеноваСәуле Чекеновна қыркүйек айында өткізген интегралды (кіріктірілген) сабақтан үзінділер көрсетіп, қорытынды жасады.Ол сабақ қазан айында «Хабар» телеарнасынан көрсетілген

Екінші күні бағдарлама бойынша мұғалімдер 5 топқа бөлініп блиц-сабақтар мен мастер-кластар (шеберлік мектебін) көрсетті.

Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Касенова Сауле Чекеновна, Рахатова Макпал Султанбековна, Райымбекова Алия Барманкуловна аса көрнекті сазгер, Қазақстан халық әртісі Шәмші Қалдаяқов туралы сабақты әдебиет, музыка сабақтарымен байланыстырып, техникалық құралға компьютер, интерактивті тақта, караоке қолданып, әсерлі де қызықты етіп өткізді.

Ағылшын пәні мұғалімдері Идаятова Гулбаням Абдуллаевна және Таипова Гулминям Мурдиновна, Байгазина Салтанат Серікқызы«My plane»тақырыбына, Чванова Екатерина Викторовна«Геометриялық фигуралардың қиылысуы», Генни Екатерина Геннадьевна«Алғашқы адам», Баситова Арзигуль Аббасовна«Ғарыш кеңістігі дегеніміз не?» тақырыптарына блиц-сабақтар мен панорамалық сабақтар өткізді. Бастауыш сынып ұстаздары өз оқушыларының еңбек сабақтарында жасаған қолөнер бұйымдарын осы сабақтарда көрнекілік ретінде тиімді қолдана білді.

Ағылшын пәні мұғалімі Шеина Вера Николаевна «Оқушыларды зерттеушілік қызметке ынталандыру» тақырыбына мастер-класс (шеберлік мектебін) өткізді. «Зерттеушілік машықтар қалыптасқан оқушы болашақ өміріндегі жаңа ортаға жеңіл бейімделеді, болашақ мамандығын дұрыс таңдайды»,- деді ол. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Шиноварова Наталья Владимировна «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер» тақырыбына мастер-класс көрсетті. «Оқытуды үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады. Метатану деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау деуге болады»- деді.. Ол сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын негізгі факторларды атап өтті.

Фестиваль соңында гимназия директоры Зубкова Тамара Владимировна сөз алды. Ол: «Әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару мектеп ұстаздарына зор міндет жүктейді Үнемі ізденіс үстінде жүріп, ойлы да зерделі еңбек ететін гимназия ұстаздарының басқаруымен жыл сайын біздің мектеп оқушылары қалалық –ғылыми практикалық конференцияда өз ғылыми жобаларын орыс тілімен қатар ағылшын және қазақ тілінде қорғайды.Тәуелсіз мемлекетіміздің еркін ойлау азаматын қалыптастыруда тек қана гуманитарлық пәндер емес, сонымен қатар математика, физика, химия пәндерінің маңызы зор екенін ескере отырып, оны оқыту мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек», -деді.

 

 

шаблоны для dle

Категория: Методика и опыт

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.