Болашақ - жастардың қолында » КГУ "Гимназия №132"
Телефон приемного:
+7(727) 373-11-83
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 373-11-79
Версия
для слабовидящих
» » Болашақ - жастардың қолында
11
февраль
2019

Болашақ - жастардың қолында

Болашақ - жастардың қолында!

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының  негізгі бағыты – жастар болып табылады.  Ал, ең бірінші сол жаңғыру жастарға қажет дүние. Жаңғырудың ең бастысы – білім, сондықтан да қазіргі заман жастарға қойылатын негізгі талап, ол – дұрыс білім алу. Білімді жас – көкірегі ояу, ашық саналы, көзі ашық жас. Нұрсұлтан Әбішұлының да айтпағы осы емес пе, төрткүл дүниеде болып жатқан жаңалықтардан жастар құр қалмау керек. Ғылым саласы болсын, жаңа технологиялар саласы болсын, біздің жас ұрпақ соларды игеруге ашық және дайын болу керек. Президентіміздің осы жылды  жастарға арнауы бекер емес, себебі, болашақ – жастардың қолында. Сондықтан да ел болып,   осы болашақ иелеріне артып отырған сеніміміз мол.  

«Болашақ - жастардың қолында» дәл осындай тақырыппен Әуезов ауданының  Білім бөлімінің бастамасымен № 132 Гимназияда үлкен іс-шара өтті. Мектебімізге ауданның 18 мектебінен жиналған жас жеткіншектер өз білімдерін, алғырлық пен тапқыр қырларынан ортаға салып, еремет сайыс көрсетті. Іс шара мектебіміздің директоры Т.В.Зубкованың қонақтар мен оқушыларға арнаған жылы сөздерінен басталды. Сонымен қатар, оқушылар мен қонақтарға әділ қазылар мүшесінің төрайымы, әрі аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Әуезов аудандық Білім бөлімінің бас маманы Ноғайсарина Гүлнар Жүнісбекқызы сөз алып, қатысушыларға ыстық лебізін білдірді. 

Бір жарым сағатқа созылған фестиваль келген қонақтарға керемет көңіл-күй мен мақтаныш сезімін сыйлады. Елбасымыздың сенген үмітін ақтар жастар бар екніне көзіміз жетті.  Фестивальға қатысқан топ мүшелері құр қайтпай жүлделі орындарға ие болып, мадақтамаларға ие болып қайтты. Солардың ішінде №132 Гимназия оқушыларынан құралған «Жастар» тобы 1-орынға ие болса, №104 мектеп оқушылары 2-орын алды. Ал, жүзден жүйрік болған №133 мектептің оқушылары Бас жүлдені қанжығаларына байлап, Әуезов ауданының намысын қалада өтетін фестивальда қорғамақ. Әрине, оларға үлкен сәттілік тілейміз.

Сөзімді тамамамдай келе, Елбасы сенім білдірген, мемлекетіміздің   тізгінін ұстайтын, мемлекетіміздің атын   дүние жүзінің төріне шығаратын саналы, білімді жастар көп болсын.