Алматы қаласы Білім басқармасының
«№132 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 373-11-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-10-53
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт/Праздничный концерт, посвящённый 80-летию Великой Победы
05
мамыр
2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт/Праздничный концерт, посвящённый 80-летию Великой Победы

Бүгін, 2025 жылғы 5 мамырда, мектебімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті. Бұл маңызды күн – ұрпақтарды біріктіретін, ата-бабаларымыздың ерлігі, табандылығы мен батырлығы туралы еске салып, олардың өмірін сарп етіп қорғаған бейбітшілік пен еркіндіктің қадірін ұғындыратын ерекше сәт.
6 «Ә», 7 «Ә» және 10 «В» сыныптарының оқушылары шынайы ықыласпен, құрметпен концерттік бағдарлама дайындап, көрермендерге ұсынды. Соғыс туралы өлеңдер оқылып, жүректерге терең әсер еткен соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Әрбір қойылым – ардагерлерге деген ризашылықтың, мақтаныштың және рухани беріктіктің көрінісі болды.
Айрықша алғысымызды білдіреміз:
    •    6 «Ә» сынып жетекшісі – Сарсенбаева Күләш Жаманбайқызына    •    7 «Ә» сынып жетекшісі – Рахметдинова Гүлминам Арупқызына    •    10 «В» сынып жетекшісі – Ағайдарова Әсел Болатқызына
Осы тарихи маңызы зор іс-шараны ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізуге қосқан еңбектеріңіз үшін үлкен рахмет айтамыз. Ұлы Жеңістің рухы мен даңқы жүрегімізде әрдайым сақталсын!
___________________________________________________________________________________________________________
Сегодня, 5 мая 2025 года, в нашей школе прошёл торжественный концерт, посвящённый 80-летию Победы в Великой Отечественной войне. Этот значимый день объединяет поколения, напоминая нам о мужестве, стойкости и героизме наших предков, которые ценой своей жизни защитили мир и свободу.
Учащиеся 6 «Ә», 7 «Ә» и 10 «В» классов с особой теплотой и уважением подготовили и представили концертную программу. Прозвучали стихи о войне, были исполнены песни военных лет, тронувшие сердца зрителей до глубины души. Каждый номер отражал благодарность и гордость за подвиг ветеранов, их несгибаемую волю и силу духа.
Особую благодарность выражаем классным руководителям:
    •    Сарсенбаевой Куляш Жаманбаевне – 6 «Ә» класс    •    Рахметдиновой Гульминам Аруповне – 7 «Ә» класс    •    Агайдаровой Асель Болатовне – 10 «В» класс
Благодарим за организацию, подготовку и неоценимую помощь в проведении этого памятного мероприятия. Пусть память о Великой Победе всегда живёт в наших сердцах!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: