"Соңғы қоңырау" 2023 жыл » КГУ "Гимназия №132"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№132 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 373-11-83
Есепші бөлімі:
+7(727) 373-10-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Соңғы қоңырау" 2023 жыл
01
маусым
2023

"Соңғы қоңырау" 2023 жыл

01.06.2023 жылы  мектепте «Соңғы қоғырау» салтанатты кеші өтті.

Биылға «Соңғы қоңырау» салтанатты кеші жылдағы дәстүр бойынша 25 мамырда емес 1 маусымға ауыстырылып, «Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында тойланды.Салтанатты жиынға мектеп оқушылары, ата-аналар және мектебіміздің ұстаздары қатысып, мектеп ауласында үлкен мерекелік шара ұйымдастырылды.Мектеп түлектері балалық шақпен қоштасып,үлкен өмірге жолдама алып, мектептегі соңғы рет соғылған қоңыраудың сыңғырын естіп, ерекше әсерге бөленді. 

Мектебіміздің директоры Абдиманапова Қарлығаш Акановна салтанатты жиынымызды ашу барысында, жиналған қауымға құттықтау сөзін айтып, биылғы оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздар мен оқушыларды марапаттап, өзінің ізгі тілегін білдірді. Мектеп бітіруші түлектерге үлкен өмірге ақ жол тілеп,алдыңғы сынақтардан сүрінбей өтулеріне сәттілік тіледі. Салтанатты жиынды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аксамбиева Алия Кырбаевна және қосымша білім беру мұғалімі Тлепбергенова Жайдары Амантаевна ұйымдастырып, мектебіміздің талантты шәкірттері ән айтып,би билеп салтанатты жиынымыздың керемет өтуіне өз үлестерін қосты. 

Барлық мектеп бітіруші түлектерді,ата-аналарды,ұстаздарды және мектеп оқушыларын мерекелерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы демалыс күндерін жақсы өтуіне тілектеспіз!!!

Ізгі ниетпен «№132 гимназия» ұжымы.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: