11
қаңтар
2023
"Дұрыс тамақтана біл" тренингтік сабағы (2Ғ сыныбы)
Сынып: 2Ғ
Сынып жетекшісі: Худайбергенова Г.С.
Дұрыс тамақтана біл!
Адамның ең үлкен байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты, ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі – дұрыс тамақтану. Тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік.
Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Ой еңбегіне, іс - әрекетке де күніне көп күш – қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер астан аламыз.