Сейсможаттығу/сейсмотренировка
Бүгін, 2025 жылдың 23 қазан күні, №132 гимназиясында сейсможаттығу өтті. Іс-шараның мақсаты — оқушылар мен қызметкерлерді жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет етуге және эвакуация тәртібімен таныстыру. Жаттығу барысында дабыл белгілеріне әрекет ету, сыныптардан эвакуация жасау және төтенше жағдай кезіндегі мінез-құлық ережелері пысықталды. Сейсможаттығу қазақ және орыс тілдерінде өткізілді, бұл барлық қатысушыларға қауіпсіздік бойынша білімдерін жақсырақ меңгеруге мүмкіндік берді.